Атырау, 14 ақпан 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Елімізде экотуристер саны 40%-ға артты

547 рет қаралды

Соңғы үш жылда Қазақстандағы экотуристер саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2022 жылы бұл көрсеткіш 2 миллион адамды құраса, 2023 жылы 2,4 миллионға, ал 2024 жылы 2,8 миллионға жетіп, жалпы өсім 40%-ды құрады, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Ең танымал экотуризм бағыттары қатарында Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері бар.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сай инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүргізуде. Туристер үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және басқа да нысандар салынып жатыр. Соңғы жылдары 8 жаңа визит-орталық пайдалануға берілген.

13 мамыр 2025, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.