Атырау, 8 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда судың 60%-ын ауыл шаруашылығы​ тұтынады​

409 рет қаралды

Қазақстанда вегетациялық маусымның басталуы әдеттегіден 20 күн бұрын басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады. Оның айтуынша, ол көктемгі ауа райының қалыптан тыс жылы болуына байланысты.

Ағымдағы маусымның ерекшелігі вегетация алдындағы кезеңде топырақ ылғалдығылы жеткіліксіз болды, бұл еліміздің оңтүстік өңірлерінде егістіктердің су тұтынуын 50%-ға арттырды. Министр бұл жағдай суару көздеріне қосымша ауыртпалық түсіретінін айтты.

«Қазақстандағы жалпы су тұтынудың 60%-дан астамы ауыл шаруашылығына тиесілі. Жыл сайын суару үшін пайдаланылатын 12 текше метр судың 98%-ы оңтүстік бес аймақта тұтынылады»,  — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов. 

1 сәуірдегі жағдай бойынша оңтүстік өңірлердің су қоймаларында 26 млрд текше метр су жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171 млн текше метрге аз.

13 мамыр, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.