
Қырғызстанның Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов растады.
Алагөзов мәлімдегендей, мектепке Кемел Тоқаевтың есімін беру туралы ұсынысты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жасаған. Жапаров бұл жаңалықты Ресейге жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеткізген.
Кемел Тоқаев – қазақ детектив әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Бішкектегі (бұрынғы Фрунзе) жаяу әскер училищесінде білім алған. Қазіргі №33 мектеп ғимаратында дәл сол уақытта әскери оқу орны орналасқан. Кемел Тоқаев осы училищені бітіргеннен кейін майданға аттанған.
В Атырау -2