Атырау, 8 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Маркетплейс арқылы алынған ақаулы тұрмыстық техниканы қалай қайтаруға болады?

472 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жуғыш шаңсорғыштың ақауына байланысты көмек сұраған тұтынушы жүгінді. Ол танымал онлайн-платформадан шаңсорғыш сатып алып, тауар қолына тиген соң, құрылғыны тексеру барысында оның құрғақ сору кезінде ылғалды із қалдыратынын анықтады.

Тұтынушы тауарды қайтаруға өтініш жасағаннан кейін, онлайн-дүкен шаңсорғышты сараптамаға жіберді. Сараптама құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын растағанымен, бұл тексеру ресми өндірушінің сервис орталығында жүргізілмегендіктен, тұтынушы оның сенімділігіне күмән келтірді.

Процедура белгілі бір уақытты қажет етті, ал осы аралықта тұтынушы бөліп төлеу шарты бойынша төлемдерін уақытылы жасап отырды, бірақ тауар сатушыда қала берді.

Департамент қызметкерлері онлайн-дүкен өкілдерімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 29-бабының 5-тармағына сәйкес, сатушы тауарды үлгі мен сипаттамаға сай беруге міндетті.

Нәтижесінде, шаңсорғыштың тапсырысы күшін жойып, тұтынушыға толық көлемде қаражат қайтарылды.

28 сәуір, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.