Атырау, 16 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды

828 просмотра
Фото: freepik.com

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Өскемен– Астана» рейсінің жолаушылары ұзақ кешігудің кепіліне айналды: күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компания оларды қонақ үйде уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті.  
 
Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

25 сәуір, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.