Атырау, 12 сәуір 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

​«Air Arabia Abu Dhabi» 1 маусымнан бастап Алматыға тікелей рейсті іске қосады

936 рет қаралды

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуетасымалдау нарығына БАӘ-нің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді.

Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

25 сәуір 2025, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.