Құлсары қаласында екі әйел тура дүкен алдында төбелесіп, бірі жеңіл дене жарақатын алды.
Жылыой ауданының прокуроры Алмабек ШУКАМАНОВТЫҢмәлімдеуінше жұрт жұмыстан оралып, апақ‑сапақ болып жатқанда «Роза» дүкенінің алдында әйелдер төбелесі басталып кеткен. Бұрын қандай ашу‑араздықтары белгісіз А. А. деген әйел танысын көре сала оны боқтық сөздермен жәбірлейді. Ол дүкен ішінде жәбірленушіні балағаттап қоймай, бетінен ұрып соғып, қашып кетеді. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 257 бабы 1 бөлімен қылмыстық іс көтерілген болатын. Сот‑дәрігерлік сараптаманың қорытындысы әйелдердің бірінің жеңіл дене жарақатын алғандығын анықтап берген. Жуырда аудандық сот А.А‑ға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА