Белоруссияның Витебск қаласында 1-2 сәуірде өткен әлем чемпионатында біздің кір көтерушілеріміз екі алтынға ие болды.
27 жастағы әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Игорь Мирғамбаевтың тәрбиеленушісі Қуангүл ДОСАХАЕВА 16 келі кір тасын 177 рет көтеріп жеңісе жетті. Екінші және үшінші орындар Украина мен Белоруссияның өкілдеріне бұйырды. Облыс құрамасының қоржынына екінші алтын медальды Евгений УХОВ салды. Спортшылар мен жаттықтырушылар осы жарысқа баруды ұйымдастырған облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Г.Қаленоваға алғыстарын білдіреді. Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ