Атырау, 15 желтоқсан 23:43
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

469 рет қаралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 436,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 81,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 354,5 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 428 мың адам.

"2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге", - делінген хабарламада.


18 желтоқсан 2024, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.