![](https://f.azh.kz/news-kaz/074/057/209667616948844f2.png)
Үкімет отырысында өңірлердегі жағдай бойынша экономикалық даму көрсеткіштері жарияланды. Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары негізгі көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелген. Аталған өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін тиісті іс-шаралар қабылдау тапсырылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру үшін тың тәсілдер қажет екенін баса айтты. Сонымен қатар бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды – Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа тиісті тапсырма берілді. Экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құрубағытында белсенді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.