Атырау, 17 желтоқсан 13:51
 бұлттыВ Атырау +1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

​Қазақстан жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде 110 елді артта қалдырды

99 просмотра

Қазақстан жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 110 елді артта қалдырды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. 

Базель басқару институты жыл сайынғы "Basel AML Index" рейтингін жариялады.  Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөздің құжатына сәйкес Қазақстан Республикасы 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады. 

АЖ/ТҚҚ тәуекелі 10 балдық шкала бойынша бағаланады (мұнда 10 – ең жоғары тәуекел, 0 – ең төменгі тәуекел). 

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан 4,71 баллмен 100-ші орында болған. Осылайша, ел 2012 жылдан бері жарияланған рейтинг тарихындағы ең жақсы нәтижесін жаңартты. Тек соңғы 4 жылда рейтингте 2020 жылғы 73 орыннан ағымдағы жылы 111 орынға дейін үлкен серпіліс жасалды. 

Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды. Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра, Швеция кірді. 

2024 жылы Индекс (қоғамдық нұсқа бойынша) 164 елді бағалады және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 саладағы 17 көрсеткішке негізделген.  

Сонымен қатар, рейтинг әдістемесіне  алаяқтықтың ақшаны жылыстатуға байланысты предикаттық қылмыс ретінде өсіп келе жатқан тәуекелдерін көрсететін өзгерістер енгізілді. 

Айта кетейік, Қазақстанның позициясын жақсартуға елдің АЖ/ТҚҚ қарсы іс-қимыл жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді және үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.
 
ҚМА FATF халықаралық стандарттарына сәйкес келу үшін Ұлттық "жылыстату" жүйесін нығайту жұмысын жалғастыруда. 

Анықтама: "Basel Аnti-Money Laundering Index" индексі 2012 жылдан бастап шығарылады және БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы бағдарламасының қолдауымен жұмыс істейді.  

Зерттеу нәтижелерін халықаралық, мемлекеттік, қаржылық және коммерциялық мекемелер елдік тәуекелдерді бағалау үшін тәуелсіз салыстырмалы талдау құралы ретінде пайдаланады.

Бүгін, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.