Тәуелсіздік күніне орай №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» бағытындағы жаңа туристік электрпойызы іске қосылды. Отандық «ЗИКСТО» зауытында өндірілген бұл электрпойыз сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи стандартына сай келеді, Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Пойыз 6 заманауи вагоннан тұрады, жалпы сыйымдылығы – 574 жолаушы, аралық аялдамасыз жүреді. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды.
Қазіргі таңда Астанадан Бурабай курорты бағытына бес пойыз қатынайды:
- №6829/6830 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 17 аралық аялдамасы бар. Жол жүру уақыты: 3 сағат 28 минут.
- №7507/7508 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 3 аялдама. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут.
- №7553/6811-6812/7556 «Астана-Бурабай курорты» — демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) қатынайды, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 35 минут.
- №7509/6805-6806/7510 «Астана-Бурабай курорты» — аптасына екі рет (жұма және жексенбі) жүреді, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут.
- №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» — күнделікті (сейсенбі мен сәрсенбіден басқа) қатынайды, тікелей маршрут, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 26 минут.
Мемлекет басшысының елдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі теміржол жолаушылар тасымалында жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда.