Атырау, 15 ақпан 18:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Қазақстен мен Ресей шекарасында жүк көліктері жиналып қалды

1 095 рет қаралды

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 13 желтоқсанға қараған түннен бастап «Сырым» авткөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің жиналғанын хабарлайды.

Жүк көліктерінің жиналуы 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты пайда болды – қалың қар, боран, көктайғақ. Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 22:00-ге дейін қолданылады.

Осыған байланысты, жүк көліктерінің жүру бағыты бойынша қозғалу мүмкіндігі жоқ және олар ауа-райының жақсаруын күтуде. Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізілуде, яғни кемпингтерде ауа-райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты түзету ұсынылады.

13 желтоқсан 2024, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.