Атырау, 18 желтоқсан 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Елімізде Илон Масктің интернетін қолдануға тыйым салынбақ

387 просмотра
Көрнекі сурет

Елімізде Starlink жабдығы мен оған ұқсас құралдарды кіргізуге тыйым салынбақ. “Ашық НҚА” сайтында Қазақстаннан тыс басқарылатын телекоммуникациялық жабдығына тыйым салу туралы бұйрық жобасы жарияланды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл қаулы жобасы тек Starlink-ке ғана емес, оған ұқсас Thuraya, Iridium және Inmarsat жабдықтарына да қатысты. Бұйрыз жобасы 23 желтоқсанға дейін ашық талқыға салынды. 

Шектеулер пилоттық жобаларға қатысатын геостационарлық емес жерсеріктерін айналып өтті. Мысалы, мектептерде жылдамдығы жоғары интернет болу үшін Starlink жабдығын әлі де импорттауға болады.

Жаңашылдықтың мақсаты: 

  • Телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға бақылауды күшейту;
  • Ұлттық қауіпсіздікке қатерді азайту;
  • Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) талаптарына сәйкес тауарлар импортын реттеу.

Тізімге әлемдегі жетекші спутниктік байланыс өндірушілерінің құрылғылары кіреді:

Thuraya: XT-Lite, XT-Pro телефондары, SatSleeve адаптерлері, IP+ терминалдары және тағы басқа. Бұл бренд Біріккен Араб Әмірлігіндегі Yahsat компаниясына тиесілі және портативті спутниктік құрылғыларға маманданған.

Iridium: 9555, Extreme 9575 телефондары, OpenPort терминалдары, Skylink. Жаһандық спутниктік байланысты қамтамасыз ететін төмен орбиталық спутниктер желісін басқаратын американдық компания.

Inmarsat: IsatPhone телефондары, Explorer терминалдары. Авиация, теңіз және гуманитарлық миссиялар үшін шешімдер ұсынатын спутниктік байланыстағы Ұлыбританиялық компания.

Starlink: әртүрлі конфигурациядағы, интернетке кіретін Mini, Standard, High Performance, Enterprise терминалдары. Илон Маск негізін қалаған SpaceX жобасы интернетке кіретін төмен орбиталық спутниктердің желісімен жұмыс істейді.

12 желтоқсан, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.