Атырау, 18 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жаңа жылдан кейін «Алтын алқасы» бар аналардың әр баласы үшін 15 728 теңге төленеді

265 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстанда бала күтіміне байланысты берілетін, көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Тиісінше мемлекеттен балалы отбасыларға арналған жәрдемақылар да көбеймек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Босанғаннан кейін берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем не төртем дүниеге келсе, біржолғы жәрдемақы әр сәбиге бөлек төленеді.

Бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы

Жәрдемақының бұл түрі үйде балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді. 2025 жылы оның мөлшері былай болады:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 649 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Ал декреттік демалысқа шыққан әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы жәрдемақысы басқаша есептеледі.

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы

Бұл жәрдемақы кәмелетке толмаған 4 және одан көп, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа толмаған студент балалары бар отбасыларға беріледі. Мемлекет әлеуметтік төлемді тағайындарда отбасының кірісіне қарамайды, жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай тағайындалады.

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 797 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • 8 және одан көп баласы барларға –  әр бала үшін 4 АЕК немесе 15 728 теңгеден.

Ал «Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға 2025 жылы ай сайын 29 097 теңге (7,4 АЕК) төленеді. «Күміс алқа» иегерлері 25 165 теңге (6,4 АЕК) жәрдемақы алады.

12 желтоқсан, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.