Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды Антикор.
Мәселен, Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.
Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.
Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.