Құқық қорғаушы Амангелді Айталы марқұм Шерзаттың отбасының жаңа мекен-жайын айтудан бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Амангелді Айталы айтуынша марқұмның отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді.
«Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл - жариялауға жатпайтын ақпарат», – деді Айтбек Амангелді.
Ал Қаржаубайдың отбасылық адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.
«Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді», – деді адвокаты Саида Тәуекелова.
12 желтоқсан, 11:12