Атырау, 18 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды

135 просмотра
Фото: ҚР СІМ

Президент жарлығымен Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Сабыр Сайлаубекұлы Есімбековті Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатты. Оның орнына Жапонияға елші болып Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев барады.

Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Грек Республикасындағы елшісі болған, жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол бұл қызметінен босатылды.

12 желтоқсан, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.