Бүгін прокуратура ɵкiлдерi Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінiң студенттерiмен кездесу өткiздi.
Жиында заң факультетінің студенттеріне прокуратура органдарына орналасудың негізгі талаптары туралы ақпарат беріліп, Құқық қорғау органдарының академиясынатүсу процесіне қатысты материалдар жеткізілдi, деп хабарлайды прокуратурасының баспасөз қызметі.
Республика бойынша іске асырылып жатқан «Болашақ прокурор кеңістігі» атты жобаның негізгі мағынасы және мақсаты туралы айттылды.
Іс-шара аясында ЕҰУ кітапханасында «Болашақ прокурор кеңістігі» бөлімшесі салтанатты түрде ашылды.
Оның ашылуына қатысқан ЕҰУ Заң факультетінің деканы Бауыржан Сматлаев осы жобаның маңыздылығын атап өтті жәнеқадағалау органымен тығыз қарым-қатынас студенттердің жан-жақты дамуына оң əсерiн тигізетінін мәлімдеді.
Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Айбар Ілияс жақсы білім алудың маңыздылығын, келешекте ел дамуы жолында аянбай еңбек ету қажеттiгiн атап ɵттi.
Студенттерге Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат»тұжырымдамасының негiзгi қағидаларын басшылыққа алу, нашақорлық, лудомания және басқа да зиянды кеселдерден аулақ болу жɵнiнде кеңес берді.
Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Айжан Аймағанова өз сөзінде жастарға адамгершілік қасиеттерді, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға кеңес берді.
Кездесу мазмұнды, қызықты және нәтижелі өтті, прокуратура өкілдері студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.