Мәжіліс алаңында Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болатқа қатысты тергеудің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша 11 айыпталушы қамауда отыр, олардың барлығы жауапқа тартылады.
«Тергеу аяқталу сатысында, жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз», - деді Санжар Әділов.
Соңғы айыптау прокурормен келісе отырып шығарылады, ал қылмыстық іс материалдары қылмыстық процеске қатысушыларға танысу үшін ұсынылады.