Полиция жедел іс-шаралар кешенін өткізу кезінде есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады, деп хабарлайды polisia.kz
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталды.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді.
Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.1,1Kedited 08:47