Атырау, 18 желтоқсан 21:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Боран, бұрқасын, тұман күтіледі»: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

184 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін еліміздің көптеген аймағында қыстың нағыз лебі сезілетін болады. Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады деп болжануда, ал оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс өңірлерде қатты жел тұрып, температура төмендейді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман күтіледі. Орал қ.: 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 11 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 25-27 градус күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 11 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 11 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және тәңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 11 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 11 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 11 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Атырау қ.: 11 желтоқсанда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 11 желтоқсанда кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, күннің екінші жартысында екпіні 23 м/с.

11 желтоқсан, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.