Атырау, 16 желтоқсан 05:58
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Үкімет: IT-мамандарының орташа еңбекақысы 673 мыңға жетті

435 рет қаралды

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. 

Бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім.

Сонымен қатар IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті. Бұл саладағы орташа айлық жалақы 2024 жылы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда олар ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады.

11 желтоқсан 2024, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.