Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Агенттікте Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтті, оның барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Агенттік Төрағасы А. Жұмағали және Комитет төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Н. Бекназаров құттықтау сөз сөйледі.
Сенаторларға жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Агенттіктің қызметі, оның ішінде жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері және цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ заңнамалық бастамаларды іске асыру жөніндегі шаралар таныстырылды.
Агенттік Төрағасы А. Жұмағали атап өткендей, «Біз үнемі үздік әлемдік тәжірибелерді зерделеп, халықаралық стандарттарды енгіземіз. Бұл мәселеде заң шығарушы органға маңызды рөл беріледі. Біз сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында депутаттық корпуспен өзара іс-қимылды жалғастырамыз.
Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар ел Президенті жариялаған «заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде жүзеге асырылатын болады».
Білім беру саласындағы талдаулардың нәтижелері, педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан жымқырудыңашылған қылмыстық схемалары, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдеріндегі жүйелік тәуекелдер ұсынылды.
Спорт саласында қаржыландырудың ашықтығына, сатып алу бағасының жоғарылауына, жалған алымдардың өткізілуіне, цифрландырудың болмауына байланысты жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтылды.
Қаржы министрлігімен бірлесіп бухгалтерлік есеп және тәуекелдерді басқару жүйелеріне, бухгалтерлік есепті жүргізу, негізсіз төлемдерді бұғаттау бойынша бұлтты цифрлық шешімдер,бюджетті жоспарлау және өтінімдерді қалыптастыруға бірыңғай талаптар енгізілетін цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді.
Бұдан басқа, Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын «цифрлық теңге»жобасы арқылы ақшаны бояу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысы жеке таныстырылды.
Сондай-ақ, кездесуде бүгін депутаттар қарайтын маңызды заңнамалық новеллалардың кезекті пакеті талқыланды.
Бұл пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялау, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, жемқорлардың жария тізілімін енгізу, мүдделер қақтығысын реттеу және басқа да шаралар.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берді.