Атырау, 18 желтоқсан 23:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Өткен демалыс күндері астаналықтар жәрмеңкеде 100 тонна ет сатып алды

328 просмотра

Астанада өткен аптаның  сенбі, жексенбі күндері «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті. Онда астаналықтар 100 тоннадан астам соғым сатып алды. Жәрмеңкені ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков аралады. Соғым жәрмеңкесіне Ақмола, Абай және Павлодар облысының шаруалары қатысты, деп хабарлайды сауда комитетінің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 2300 теңгеден, қой еті мен жылқы етінің келісі 2300-2500 теңге аралығында саудаланды. «Соғым Fest» әр сенбі, жексенді күндері Астанадағы «Koktal» сауда үйінде өтеді. Онда еттен бөлек азық-түлік өнімдері де саудаланады.

«Біз жәрмеңкелерді белсенді өткізуге назар аударып келеміз. Өйткені бұл қысқы мерекелер қарсаңында азық-түлік бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Әрі мәдениетіміздегі дәстүрлі, тарихи сауда форматы», - деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Жалпы жергілікті әкімдіктердің кестесіне сай желтоқсан айында түрлі деңгейдегі 400-ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарланған. Мұнда тұрғындар тауарды делдалсыз, өндірушіден тіке ала алады.

10 желтоқсан, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.