Атырау, 18 желтоқсан 23:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Астанада АЭХА ұлттық семинары өтуде

300 просмотра
Фото: gov.kz

2024 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында Астана қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ядролық-энергетикалық бағдарламаға арналған менеджмент жүйелеріне кіріспе жөніндегі ұлттық семинары өтуде (Introduction to Management Systems for a Nuclear Power Programme).  Аталған семинарды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп, спикерлер ретінде атом энергетикасы саласындағы халықаралық сарапшыларды тарта отырып ұйымдастырды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Семинар барысында атом энергетикасын қауіпсіз және тиімді дамыту үшін менеджмент жүйелерін құру мен енгізудің негізгі тәсілдері ұсынылды. Халықаралық сарапшылар АЭХА-ның заманауи стандарттарын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпсіздік, сапа және тұрақтылық қағидаттарын менеджмент процесіне біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу және төмен көміртекті энергетикаға көшу жөніндегі жоспарларын ескере отырып, үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық мамандар озық халықаралық тәсілдерді зерделеуге және олардың ұлттық жағдайларға бейімделуін талқылауға құнды мүмкіндік алды. Қатысушылар білікті кадрларды даярлау және Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағдарламасын табысты іске асыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Семинарды ұйымдастыру Қазақстанның АЭХА-мен ынтымақтастығын нығайтудағы кезекті қадамы, Қазақстанның халықаралық стандарттарға адалдығы, көміртегі ізін азайтуға және экологиялық таза энергия көздеріне көшуге ұмтылуы болды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қазақстандық мамандарды даярлауға жәрдемдескені үшін халықаралық серіктестерге алғыстарын білдірді және болашақ білім беру бастамалары шеңберінде белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруды жоспарлап отыр.

10 желтоқсан, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.