Вице-премьер Қанат Бозымбаев төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс және қала әкімдерін онлайн байланысқа шығарып, келе жатқан мереке күндеріндегі қауіпсіздік шараларын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бозымбаев жауапты министрліктер мен әкімдердің есептерін тыңдаған. Төтенше жағдайлар министрлігі желтоқсанның бірінші аптасында 2,5 мыңнан астам үйді аралап, рейд өткізген екен. Сонымен қатар, құтқарушылар 670 мобилді топ құрып, пиротехника сататын 78 орынға тексеру жүргізген. Заңсыз саудамен айналысқан 21 адамға әкімшілік жаза берілген.
«Ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарды алдын ала тексеру қажет. Өрт сөндіру құралдары жоқ жерде бұқаралық іс-шара өткізуге рұқсат бермеу керек. Сауда және ойын-сауық орталықтары, театрлар мен спорт кешендерінің паркингтеріне газ жабдықтары бар автокөліктердің кіруіне жол бермеуге ерекше назар аударыңыздар. Қысқы каникул кезінде оқу-ағарту министрлігі мен өңір әкімдері оқушылардың бос уақытына арнап шаралар ұйымдастыру керек», - деген отырыста Қанат Бозымбаев.