Атырау, 18 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығын келтірген қаржы пирамидалары бойынша 68 қылмыстық істі тергеді

Бейнежазба
323 просмотра

Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. 

Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді. 

Биылғы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. 

Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. 

Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.

Агенттікте жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды: 

  • тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету; 
  • жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту; 
  • интернетте белсенді жарнама жасау; 
  • компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі; 
  • заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы); 
  • салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау. 

 Айта кетсек, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы. 


9 желтоқсан, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.