Атырау, 1 қыркүйек 18:57
 дождьВ Атырау +27.5
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

1 023 рет қаралды
Фото: Polisia.kz.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

6 желтоқсан 2024, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.