Қарағанды қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, тонауға қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
4 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында жедел басқару орталығына қала көшелерінің бірінде тонау дерегі туралы хабар түскен. 46 жастағы жәбірленуші банк несиесін рәсімдеп, ақшасын санап тұрған сәтінде екі белгісіз адамның 137 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткенін хабарлады.
«Жәбірленуші күдіктілердің сыртқы келбетін сипаттап, олардың жасы шамамен 35-40-та екенін айтты. Полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарын бастап, күдіктілерді автовокзал аумағында ұстады. Олар 36 және 45 жастағы екі азамат болып шықты. Ұсталғандар Қарағандыдан кетуге әрекеттенгендерін мойындады», - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің кінәсі анықталуда.