Атырау, 18 желтоқсан 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

1,1 млн тенге пара алды деген айыппен шенеунік сотталды

354 просмотра
Фото: freepik.com

Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Антикор.

Ол жоспарлы тексеру шеңберінде су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

5 желтоқсан, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.