Атырау, 18 желтоқсан 23:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

347 просмотра
Фото: Ақорда

Ермек Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

ҰҚК төрағасының баяндамасынан:

      – ұлттық қауіпсіздік органдары 4 террористік актінің алдын алған. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 84 адам сотталған, 44 адам ұсталған;
      – лаңкестік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық 6 азамат Сирия мен Түркиядан экстрадицияланып, олардың екеуі сотталған;
      – терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеген;
      – Ішкі істер министрлігімен бірге 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген, 60 адам қамауға алынған;
      – заңсыз айналымдағы 505 атыс қаруы, 5 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 45 жарылғыш топтама және 15 046 оқ-дәрі тәркіленген;
      – есірткі өндіретін 33 зертхана, оны тасымалдайтын 35 халықаралық және 31 өңірлік арна жойылған;
      – 3,2 тонна есірткі құралдары және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр шикізаты, 18,8 тонна прекурсорлар тәркіленген;
      – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар 162 адам сотталған;
      – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 1,6 триллион теңгеден астам көлемде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, бюджетке 315 миллиард теңге өтелген. Сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған;
      – мемлекеттік шекарада 55 мыңға жуық құқық бұзушы ұсталды, қару мен оқ-дәріні, есірткі мен басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдаудың 1300-ден аса әрекетінің жолы кесілген;
      – шекара арқылы 18 миллиард теңге көлемінде валюта мен құны 66 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеген. Заңсыз көші-қонның 20 арнасы тоқтатылған;
      – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне 552 миллионнан астам кибершабуылды және 6 мың DDoS-шабуылды тойтарған.

Президент кездесу соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

5 желтоқсан, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.