Атырау, 19 желтоқсан 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Сенат 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзетулерді мақұлдады

313 просмотра
Фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенатта еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде 2024 жылға арналған республикалық бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің нақтыланған болжамын таныстырды, деп хабарлайды  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, жыл басынан бері 2024 жылға арналған макро көрсеткіштер болжамын қалыптастырудың бастапқы параметрлері ел экономикасының ағымдағы дамуына сәйкес келеді.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне 79,9 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. 2024 жылға арналған бастапқы параметрлер бұрынғы деңгейде яғни, мұнай бағасы –  барреліне 80 АҚШ доллары, инфляция 6-8 пайыз деңгейінде сақталды, - деді вице-премьер.

Республикалық бюджеттің кірістері 14,1 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 2 трлн теңгеге төмен. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету және өңірлік өсу деңгейін қолдау үшін 2 трлн теңге көлемінде нысаналы трансфертті қосымша тарту ескерілді.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2024 жылы $58,2 млрд-ты құрайды деп болжануда.

5 желтоқсан, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.