Журналист Думан Мұхаммедкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторынан Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырмағанына наразылық танытып, денесін тілген, кейін аштық жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты. Құқық қорғаушы Талдықорғандағы тергеу изоляторында Думан Мұхаммедкәрімді екі күн суық карцерде бетон еденде жылы киімсіз ұстағанын мәлімдеді.
Журналисті апелляциялық шағымы өзгермеген соң Алматы облысындағы Заречный түрмесіне жіберу керек болған. Себебі заң бойынша ол өзі тұратын аймақта жазасын өтеуі керек. Адвокаттың Азаттыққа айтуынша, журналисті Талдықорғанға «құжаттарды алғаннан кейін Заречныйға ауыстырамыз» деп «алдап апарып», камераға жапқан. Журналист түрмеге ауыстыруды талап еткен кезде карцерге жапқан.
Думан Мұхаммедкәрім осы жылдың ақпан айында да түрмеде аштық жариялағанын хабарлаған едік.