Атырау, 15 ақпан 20:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Биткоин бағамы 100 мың доллардан асты

538 рет қаралды
Фото: freepik.com

Биткоин бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Қазір 1 биткоин 103 487 долларға тең, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Криптовалютаның өсуіне криптоинвесторлардың АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі осы саланың дамуына қолайлы жағдай жасайды деген болжамы себеп болды. Соңғы төрт аптада биткоин 45%-ға қымбаттады. Ал жыл басынан бері оның құны екі есе өсті.

Трамптың кампаниясын криптовалюта қолдаушылары белсенді түрде қолдады. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, сондай-ақ Трамптың биткоиннің ұлттық резервін құру туралы уәдесі инвесторлардың цифрлық активтерге деген сенімін нығайтты.

Сарапшылардың болжауынша, биткоин бағасы жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін.

5 желтоқсан 2024, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.