Атырау, 23 желтоқсан 20:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атыраулық оқушылар су айдындарын тазартуға арналған құрылғы ойлап тапты

1 060 просмотра

Атыраудағы NIS оқушылары әлем бойынша су айдындары ластануының алдын-алу және тазарту әдісін ойлап тапты. Бұл жобаны шығару жолында 10 сынып оқушылары Альтаир Көшалиев, Зейнолла Ахмеди, Серғали Санжар және 11 сынып оқушысы Жарас Жанұя еңбек сіңірді, деп хабарлады Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

"EcoWave" - ауаны төменнен жоғарыға шығаратын көптеген клапандары бар құбыр. Шығарылған ауа қоқыстың одан әрі енуіне тосқауыл жасайды. Қондырғының су астында диагональды орналасуының арқасында ауа көпіршіктерінің тосқауылы қоқыстың жасанды салынған қалтаға қарай жылжуына ықпал етеді. Қоқыс жиналады, сұрыпталады және қайта өңделеді.

Сонымен қатар, негізгі ауа құбырының жанында химиялық заттарды бейтараптандыратын ерітіндіні суға жіберетін кішірек түтік болады. Ауа көпіршіктері флора мен фаунаға ешқандай зиян келтірмейді, өйткені ол балықтардың қозғалысына кедергі жасамайды, қоқысты 1 миллиметрлік микропластикаға дейін ұстайды, судың оттегімен қанықтырылуына ықпал етеді.

Зерттеу тобының көшбасшысы Жарас Жанұяның айтуынша қайталама құбырдан шығарылған ерітіндінің де зияны жоқ, өйткені олар бүгінгі күнге дейін табиғи су қоймаларында қолданылады. Мұндай заттарға РН жоғарылату үшін әктас пен доломит, сондай-ақ рН төмендету үшін күкірт қышқылының ерітінділері мен батпақты өсімдіктер жатады.

- Жер шарының 70 пайыздан астамы судан тұрғандықтан, тіршілік көзінің проблемаларына көз жұмып қарауға болмайды. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда шамамен 7 миллиард тонна пластикалық қоқыс шығарылып, табиғатқа, соның ішінде гидросфераға тасталған. Мұндай ауыр ластанудың салдары су айдындарының жойылуымен климаттың өзгеруіне әкеп соқтырады, - дейді өнертапқыш оқушылар. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 қараша, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.