Атырау, 4 қазан 06:39
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Бас дәрігер-«коммерсант»

2 669 просмотра

Прокуратура медициналық мекемелердің бірінің бас дәрігеріне қарсы қылмыстық іс қозғады.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана ЖҰМАШЕВАНЫҢ айтуынша, 2009 жылдың қыркүйегінде әлдебір бизнесмен қалалық медициналық мекеме үшін жиһаз алып беруге уәде еткен және оның есепшотына  680 мың теңге аударылған. Тексеру барысында анықталғандай, жиһаздар толық жеткізілмеген болып шықты. Жалпы сомасы 190 мың теңге болатын он шақты медициналық кушеткелар жетіспеген. Оның үстіне бас дәрігер жалған жөнелтпе құжаттарға қол қойған.

Бұдан басқа, дәл осы дәрігерлік қызметкердің сомасы 600 мың теңге болатын (бір халат 6 мың теңгеден) медициналық халаттарды сатып алуға келісім-шарт жасағандығы және ол халаттарды өз қызметкерлеріне 3 мың теңгеден сатқандығы анықталды. Тексеру қорытындысынан кейін бақылаушы орган «Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Лев ГУЗИКОВ

13 сәуір 2011, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.