PACE Analytics аналитикалық компаниясының басшысы Асқар Исмаилов Атырау мұнай өңдеу зауытының баяу кокстеу қондырғысында (БКҚ) туындаған мәселелерге қатты алаңдаушылық білдірді. Бұл негізгі қондырғының сәтсіз жөнделуіне қатысты жағдай салалық ортада қызу талқылануда.
Исмаилов екі негізгі мәселені көтерді: жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігердің біліктілігі және тендерлік процедуралардың ашықтығы, оның қорытындысы бойынша осы компания таңдалған. «Жөндеу жұмыстарын кім жүргізді және бұл мердігердің БКҚ-мен жұмыс жасау тәжірибесі болды ма?» – деп сауал тастайды сарапшы. Сондай-ақ, ол келісімшарт жасамас бұрын мердігерлердің сәйкестігін мұқият тексеру қажеттігін айтты.
Исмаиловтың пікірінше, егер қондырғы тез арада іске қосылмаса, БКҚ-ның маңызды реакторы болып табылатын қаптамадағы ақаулар болуы мүмкін. «Бұл қондырғыны қайта бөлшектеп, қайта құрастыруға тура келетінін білдіреді, бұл айтарлықтай уақытты қажет етеді», - деді ол.
Сарапшы жағдайды жөндеу жұмыстарын жасаған ұйымның жеткіліксіз біліктілігі нәтижесі деп санай отырып, саботаж жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Мүмкін болатын шешім ретінде ол Ресейден, мысалы, АМӨЗ-бен қызметкерлердің біліктілігін көтеру саласында ынтымақтастық тәжірибесі бар «Taneco (Татнефть)» компаниясынан мамандар тартуды ұсынады.
Бұдан басқа, Исмаилов жосықсыз мердігерлерге, оның ішінде жұмысында өрескел қателіктер жіберген компанияларды өмір бойы «қара тізімге» енгізуге қатысты шараларды күшейтуге шақырды. Ол сондай-ақ каталитикалық крекинг қондырғысының күйіне мұқият қарауды ұсынады, оның айтуынша, ол көп жөндеуден өткен, ал лицензиар өз кепілдігінен бас тартқан.
Сөз соңында сарапшы Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін байыпты қарау қажеттігін атап өтті. «Егер қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары бұрынғыша жалғаса берсе, елде екі ірі зауыт қана қалу қаупі бар», - деп ескертеді Исмаилов. Ол ПКОП пен ПМХЗ-ны күйзелісті жағдайға жетпеген нысандар деп атап өтті. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайды түзету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Исмаилов мұның мүмкін екенін, бірақ түбегейлі өзгерістерді қажет ететініне сенім білдірді. «Бүкіл өзгеріс – текке кеткен тірлік», - деп қорытындылады ол бұл шаралардың тиімсіздігін меңзеп.