Атырау, 26 қараша 00:27
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Жоба әзірленуде»

2 406 просмотра

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі «ОблТрансГаз» КМК-ның тұтынушылар алдындағы қарыздары және әкімдіктің газ желілерін «ҚазТрансГаз Аймақ» ӨФ-қа беру жағдайлары туралы редакциялық сауалдарымызға жауап берді («АЖ», №25, 20.06.2013 ж., «Жоғалған төлемдер» және 27.06.2013 күнгі №26 «Тарату комиссиясын күту керек» мақалаларын қараңыздар).

«КМК Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығы бар «ОблТрансГаз» КМК (әрі қарай – Кәсіпорын) таратылу кезеңінде тұр. Қазір облыс әкімдігі Кәсіпорынды тарату туралы қаулының жобасын әзірлеуде. Кәсіпорынның басқа да мәселелерін соның ішінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарды шешкеннен кейін, Кәсіпорын ҚР заңнамаларына сәйкес таратылады.

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы №298 «Нысандарды қарапайым сенімгер-лік басқаруға беру туралы» қаулысының 1 тармағына сәйкес облыстық энергетика және ТКШ басқармасы балансындағы газ құбырлары, құрылғылар мен мүліктер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына (әрі қарай – Ұйым) бір жылға, әрі қарай созу құқығымен қарапайым сенімгерлік басқаруға берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен Ұйым арасындағы 2012 жылғы 27 қыркүйектегі Меморандумға сәйкес, Ұйым 2012 жылғы 1 қарашадан бастап Атырау облысының халқы үшін табиғи газды тасымалдау мен өткізуді жүзеге асырады».

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.