Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы волонтерлері мен «Әділдік жолы» РҚБ Атырау облыстық филиалының өкілдері құрылысы үш жылға созылған объектілерге қоғамдық мониторинг жүргізді.
"Нысанның қажетті қоршауы жоқ. Қазір жұмысшы персонал да жоқ. Темірбетон төсемдерінде жарықшақ пайда болған», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты волонтерлер нысанды мерзімінде пайдалануға тапсыру жөнінде ұсыныс беріп, бақылау жүргізбеген тапсырыс берушіні жауапкершілікке тартуға бастамашылық жасады.
«Мақат кентіндегі 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Алайда, 2023 жылдың басында тоқтап тоқтап қалған. Себебі – ныссан құрылысын жүргізетін мердігерлікке таңдалған «Дан Строй База ЛТД» ЖШС-да қаржылық қиындық туындаған. Аталған құрылыс нысанының жалпы құны 865 млн теңгені құрайды. Осы кезге дейін қаржының 60%-ы игерілген. Тапсырыс беруші сотқа талап арызбен жүгінді. Сотта мердігерден 50 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алу туралы талап қанағаттандырылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір мердігер нысан құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізуді бастаған. Тұрғын үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ