102 операторына көпқатарлы үйдің 8-қабатындағы жедел сатыда сәби қалып қойғаны жөніндегі хабарлама түсті, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері шұғыл патрульдік экипажды бағыттады.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Ақжол Кибатоллаев және Жантөре Әліпқалиев лифт ішінде жалғыз қалып жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, екі жасар баланы шығарып, құтқарып алды.
Жасөспірімнің анасы тәртіп сақшыларына өз алғыс білдірді.