Атырау, 22 қыркүйек 06:56
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Елімізде базалық мөлшерлеме 14,5% төмендеді

819 просмотра

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% төмендетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Сәуірде инфляция төмендеді. Сыртқы инфляциялық жағдай орталық банктердің тежеу саясаты және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға динамикасына сәйкес өзгерген жоқ. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, ТКҚ реформасы, ішкі сұраныс себептерінен сақталып отыр.

Келешекте 5%-дық инфляцияға жету ұзақ уақыт ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді қажет етеді. Инфляцияның тұрақты түрде баяулауы базалық мөлшерлеменің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі ақша-кредит шарттары инфляциялық үдерістердің баяулау қарқынын және инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға бағытталған.

“Жылдық инфляция сәуірде 8,7% баяулады. Азық-түліктің сыртқы бағасына байланысты инфляцияның азық-түлік компоненті бойынша елеулі түрде төмендеуі байқалады. Орнықты сұраныс пен тұтынушылық кредиттеудің жеделдеуіне қарамастан, азық-түлікке жатпайтын инфляция да баяулап келеді. Ақылы қызметтер құнының өсуі ТКҚ бағасының қымбаттау әсерінен жеделдеді”, – деп мәлімдеді ұлттық бане.

Сәуірде айлық инфляция 0,6% деңгейінде қалыптасып, жалпы алғанда орташа тарихи динамикаға (0,6%) сәйкес келді. Базалық инфляция көрсеткіштері екінші ай қатарынан баяулап отыр. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының мейлінше төмендеуіне байланысты. Ал ТБИ-дің азық-түлікке жатпайтын және сервистік компоненттері нысаналы мәннен жоғары.

Инфляциялық болжамдар екі ай төмендегеннен кейін өсті. Респонденттердің пікірінше, бұл су тасқыны салдарынан тамақ бағасының өзгеруіне және ТКҚ реформасының жалғасуына байланысты. 

Сыртқы инфляциялық жағдай нейтралды. Өсімдік майларын қоспағанда, азық-түліктің әлемдік бағасы жылдық мәнде төмендеп келеді. Сыртқы ақша-кредит шарттары қатаң болып қалды. ФРЖ да, ЕОБ да әзірге монетарлық шарттарды жеңілдетуге көшкен жоқ және мөлшерлемелерді шектеуші деңгейде ұстап отыр. 

ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқарту шешімі, АҚШ тарапынан мұнай өндірісінің тұрақтануына және Таяу Шығыстағы геосаяси белгісіздікке байланысты болжамның базалық сценарий 2024 жылы Brent маркалы мұнай бағасы орташа есеппен бір баррель үшін 85 АҚШ доллар болды.

Мұнай бағасы2025 жылы орташа есеппен 80 доллар және 2026 жылы 77 АҚШ доллар төмендейді деген болжам бар. Сонымен қатар  2024 жылдың ортасына дейін дәнді дақылдардың әлемдік бағасы көтеріліп, кейіннен біртіндеп төмендейді. Бұл Бразилия мен Ресейдегі қолайсыз ауа райына байланысты.

2024 жылға арналған инфляция болжамы – 7,5-9,5>#b### аралығында, 2025 жылы – 5,5-7,5%. 2026 жылы – 5-6>#b### аралығында. Бұл орайда базалық инфляция жалпы инфляция деңгейінен төмен сақталып, 2025-2026 жылдары 5% деңгейінде қалыптасады.

2024 жылға Қазақстан экономикасының өсу болжамы – 3,5-4,5%. Тұтынушылық кредиттеудің ұлғаюы, шикізаттық емес сектордағы инвестициялық белсенділіктің артуы және халықтың нақты табысының өсуі соған ықпал етпек. 2025 жылға – 4,8-5,8%, 2026 жылы – 4,9-5,9%.

31 мамыр, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.