Атырау, 24 қараша 12:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысындағы интернетке қатысты ақаулар: «Қазақтелекомның» жауабы

731 просмотра

Соңғы күндері Атырау қаласы мен Атырау облысының тұрғындары интернет жұмысының нашарлығына шағымдана бастады. Облыс әкімдігінің телеграм чатында «Қазақтелекомға» қатысты шағымдар көп.

Облыс қалалары мен аудандарында неліктен интернет дұрыс жұмыс істемейді? Жылыой ауданы Құлсары қаласында жиі болмай қалады. Тұрғындар 15 мамырдан бері интернет кешке өшіріліп, таңертең қосылатынын айтады.

Ал Атырау облысы әкімдігінің телеграмм чатында тұрғындардың бірі телекоммуникация желілерінің қызмет көрсету сапасын сынға алып, бесінші күннен бері интернет жоқ екенін жазды. Ол да басқа тұрғындар сияқты мұны Құлсарыдағы жетінші күнге созылған наразылық акциясымен байланыстырады. What’sApp, Instagram арқылы ақпарат тарата алмағандықтан және жұмысында қолайсыздықтар туындағандықтан, ол «Құлсарыдағы наразылықтан біз неліктен зардап шегуіміз керек?» деген сауал қояды.

«Біз жұмысбасты адамдармыз. WhatsApp және Instagram арқылы жаңалықтар таратып, басшылармен және тұрғындармен хабарлама алмасуымыз керек. Бұл жүйкмізге тиеді. Болып жатқан жағдай Құлсарыда, оған Атыраудың не қатысы бар? Олар үшін неліктен біз қиналуымыз керек?» - деп жазады тұрғын.

«Телекоммуникация қызметінің сапасына кім жауап береді, біз уақытында ақысын төлеп жүрміз ғой!?» деген шағымдар да бар. «Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар департаментінің директоры Сара БӘКІРОВА «АЖ» тілшісіне осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, интернетке қатысты ешқандай ақаулар тіркелмеген.

- Компанияның техникалық мамандары интернет қызметін тексеріп, Интернетке қосылу жылдамдығын өлшеді, диагностика нәтижелері бойынша ақаулар анықталмады, қызмет дұрыс және тұрақты жұмыс істеп тұр, жылдамдық тарифтік жоспарға сәйкес келеді. Байланыс қызметтерінде ақаулар туындаған жағдайда абоненттер әрқашан 165 нөмірі бойынша тұтынушыларды техникалық қолдау орталығына немесе telecom.kz порталындағы жеке кабинетіне, сондай-ақ telecom.kz мобильді қосымшасы, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы +77080000160 нөміріне хабарласа алады, - деп жауап берді Сара Бәкірова.

Ал қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек ТӨЛЕГЕН 19 мамырда Атырау облысы әкімінің өкімімен цифрландыру және мұрағаттар бөлімінен жауап күтіп отырғанын айтты. Алайда бүгін жауап келмеді.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақтелеком» АҚ 51 тарифтік жоспардың құнын көтеретінін еске саламыз.

Айнұр САПАРОВА

21 мамыр, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.