Атырау, 24 қараша 13:40
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр

593 просмотра

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның айтуынша,  су деңгейін бақылауда ұстауға әзірге Құрсай каналын жырудың  көмегі тиіп тұр.

"Құрсай каналының бойын  бірнеше жерден жыру нәтижесінде келіп жатқан мол су сай салаға жайылып жатыр. Дегенмен, қауіпті аумақтардағы жаңадан соғылған балдардан су шығып кеткен жағдайлар болды. Сол себепті  қосымша бекіту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз. 7 мамырдан бері тәулік бойы ұйымдастырылып жатқан  кезекшілік те тосын жағдайларды дереу жоюға көмегін беруде" деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік, Сарайшық ауылындағы Құрсай каналының жалпы ұзындығы 53 шақырым. Канал бойында 11  шаруа қожалығы бар.  Бастауын Сарайшық ауылындағы Жайықтан алатын канал Бейбарыс ауылына жақын жердегі Түйеші қыстағынан  аяқталады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

16 мамыр, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.