Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның хабарлауынша, кезекшілер 8 сектор бойынша жұмыс атқаруда.
"Сарайшық ауылында тасқыннан қорғану мақсатында салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта әр 200 метр сайын кезекшілік қойылды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауысып, жағалау тәулік бойы бақыланып отыр" деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.
Еске сала кетелік, Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде, бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңартылды. 8,2 шақырым бөгет жаңадан салынды.
Тасқынмен күреске 200 сарбаз, 14 ТЖД мамандары жұмылдырылды.
Сарайшық ауылында 2972 тұрғын, 506 үй бар.