41433 әскери бөлімінде көктемгі әскерге шақырылған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері танкті жүргізіп сынаудан өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл практикалық сабақтар Қарулы күштердегі жас жауынгерлердің моральдық-психологиялық бейімделуі мен жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігі болып табылады.
Алғашқы далалық шығуларда сарбаздар қиындықтарға қарамастан практикалық емтиханды жақсы тапсырды.