Атырау, 24 қараша 13:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыой ауданының балалары сауықтыру лагерлеріне жіберіледі

721 просмотра
Көрнекі сурет

ҚР оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары  Қазақстанның бірнеше қаласындағы «Балдәурен» оқу- сауықтыру лагерінде демалуда.

Атырау облыстық білім басқармасының мәліметінше, 4 мамырдан бастап, барлығы 146 оқушы демалыс лагеріне аттанған. Олар 20 күн демалады.«

- Қазіргі уақытта оқушылар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалып, әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны аталған демалыс орынға жіберу жоспарлануда, - дейді  Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Қалиқызы.

Сондай-ақ, жаз айларында эвакуацияланған және су тасқынынан зардап шеккен отбасының балаларына көңіл бөлу, қамқорлық жасау мақсатында қалған оқушыларды да оқу-сауықтыру, демалу лагеріне жіберіледі.

Айта кетейік, жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 мамыр, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.