Атырау, 24 қараша 13:12
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Талдыкөл ауылында тәулік бойы патрульдік бақылау жүріп жатыр

Бейнежазба
777 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл елдімекенінде алдын-ала эвакуация жарияланғалы бері, жергілікті полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауда, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

  Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Есболат Жексенғұловтың айтуынша, патрульдік бақылау екі ауысыммен тәулік бойы атқарылуда.

"Қоғамдық тәртіпті қадағалау және бос қалған үйлерді тонау фактісін болдырмау мақсатында, Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінен 30 полиция,  7 автокөлік  жұмылдырылды" деді Махамбет ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Есболат Жексенғұлов.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл ауылында кірме жолды су шаю қауіпінің күшеюіне байланысты, алдын ала эвакуация жарияланған болатын. Талдыкөл ауылындағы 1215 тұрғын бар.

Видеода Талдыкөл ауылының төңірегіндегі үйінді бөгеттің жоғарыдан түсрілген бейне көрінісі: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

15 мамыр, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.