Атырау, 1 қараша 04:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 488.26
€ 530.54
₽ 5.03

​Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының м. а. болып тағайындалды ​

641 просмотра

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндетін атқару жүктелген.

Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевқа ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

- Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.

- 2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.

- Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

- 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

- «Құрмет» орденімен марапатталған.

15 мамыр, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.