Атырау, 24 қараша 13:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спорт жаңалықтары

653 просмотра

Астанада 2007 жылы туған жасөспірімдер арасында су добынан ҚР чемпионаты өтті. Турнир қорытындысы бойынша Атырау облысының командасы құрметті 3-орынға ие болды.

Облыстың аға жаттықтырушысы Ернұр ҚОЙЛИЕВ әңгімелейді:

- «Алтынды» көздеуге болатын еді. Әу бастан турнирде үш команда – «Атырау», «Астана» және «Тараз» көш бастады. Үшінші турда екі үздік ойыншымыз Азия ойындарына қатысуына байланысты болмады. Екінші турда барлық команданы ұтып, үшінші турда екі рет тең түсіп, финалға қатысу үшін қажетті ұпайларды ала алмадық. Су аренасының иелері ел чемпионы атанды.

***

Астанада хоккейден Чехияда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасының жаттығуы жалғасуда, деп хабарлайды елдің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің порталы. Бірақ бұған облыстық «Бейбарыс» командасының ойыншыларының ешқайсысы тартылмаған.

– Хоккейшілеріміз Астанада өз алаңында Ресей және Беларусь құрамаларымен матчтар, сондай-ақ Чехияда Ұлыбритания командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Жаттықтырушылар штабы Қазақстан командасының кеңейтілген құрамын атады. Өтінімге 38 хоккейші: төрт қақпашы және 34 алаң ойыншысы кірді.

‌Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад», Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де «Барыс», Астана), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (бәрі -«Барыс», «Астана»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Кирилл Никитин, Хақназар Кеңесбай, Артем Королев (бәрі - «Номад», Астана), Дмитрий Бреус («Чайка», Нижний Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск), Кирилл Полохов («Арлан», Көкшетау).

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Мангисбаев, Николай Шульга («Номад», Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмедденов (бәрі «Барыс»), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де – «Арлан», Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мұхаметов (екеуі де – «Металлург», Магнитогорск), Кирилл Панюков («Амур», Хабаровск).

***

Мұнайшы стадионында «Атырау» және «Қайрат» (Алматы) командалары арасында футболдан ел кубогының ширек финалдық ойыны өтті. Алаң иелері қонақтарға гол соғуға мүмкіндік бермеді, ал таблодағы есеп «мұнайшылардың» пайдасына 3:0 болды.

Бірақ алматылықтар бір күн бұрын «Атырауды» жеңу үшін көп күш жұмсаған еді. Сол кезде 52-минутта Сейдахмет «Атырау» қақпасына жалғыз әрі жеңіс голын соққан болатын.

Соның алдында Премьер-лига командаларының чемпионатында өзара ойнаған қарсыластар төрт күннен кейін Қазақстан Кубогында тағы да кездесті. «Мұнайшылардың» бас бапкері Виталий Жуковский өз ойыншыларының жүрегіне жеңіске деген үміт ұялата білді. Бірақ «Қайрат» ойыншыларына олай жасайтын ешкім болмады, бас бапкер Кирилл Кекер қызметінен кетті, ал Рафаэль Уразбахтин жағдайды түсінбесе керек. Қонақтарға бұрыштан соғылған бірінші гол «құрғақ жапырақ» түрінде болды, яғни доп қақпашының оны ұстап алуына мүмкіндік бермейтіндей айналып қақпаға кірді. Голдың авторы, әрине, Игорь Стасевич болды. Араға үш минут салып Олжас Керімжанов тағы бір гол салды. 43-минутта Якуб Новак әдемі гол соқты. Тек 70-минутта израильдік Офри Абад беделді голды салды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 мамыр, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.